Елордалық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елордалық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

Елордалық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

Елордалық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты.

Астанадағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы жобаны «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында жасап шығарған. Қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады дейді.

Бақтығали Ерланұлы, оқушы:

Қоқыс жәшіктерінің қақпағы лас болуы осы жәшікті жасауыма түрткі болды. Яғни, ақылды қоқыс жәшігінің, тек бұл емес, бәрінде бетінде көрінбейтін микробтар бар. Ол микробтар неше түрлі ауру тудырады. Сондықтан осы қоқыс жәшігін ойлап шығардым.

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу