Қостанай облысында бруцеллез шыққан ауыл карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қостанай облысында бруцеллез шыққан ауыл карантинге жабылды

Қостанай облысында бруцеллез шыққан ауыл карантинге жабылды

Бруцеллез ошағы анықталған Әулиекөл ауданындағы ауыл карантинге жабылды. Жұқпалы дерт Новоселов ауылындағы шаруашылықтан шыққан еді. Жарты жыл ішінде жүйелі түрде жүргізілген тексеріс кезінде 150 сиырдың қанынан бруцеллез таяқшасы табылған. Сол кезде ветеринар мамандар шектеу шараларын енгізуді қарастыруды бастаған. Ұсыныс жан-жақты мақұлданып, ауру ошағы шыққан жерден мал мен мал өнімдерін әкетуге және әкелуге тыйым салынатын жергілікті әкімдіктің қаулысы шықты.

Дәуренбек Әбдібек


Автор
Редакция
Бөлісу