Тізім: Қандай медициналық көмекті тегін алуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Тізім: Қандай медициналық көмекті тегін алуға болады?

Тізім: Қандай медициналық көмекті тегін алуға болады?

Қазақстанның әрбір азаматы кепілді көлемдегі медициналық көмек алуға құқылы. Оған 6 қызмет кіреді. Алдымен – жедел медициналық көмек және санитариялық авиация. Төтенше жағдайлар болса, зардап шеккендерге көмекке келеді. Санавиация көлік бармайтын шалғай аймақтарға жетіп, ауыр жағдайдағы науқастарды медицина орталықтарына жеткізеді.

Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қарастырылған. Яғни дәрігер консультациясы, амбулаториялық деңгейде ем алу тегін. Вакциналау да осы тізімде. Одан бөлек, амбулаториялық-емханалық қызмет бар. Ал ауруханаға жатқызу, хирургиялық жәрдем беру мен ота жасау стационарлық ем қызметінде ұсынылған. Профилактикалық ем, нақтырақ айтсақ скриннинг, вакцинация, диспансерлеу шаралары тегін жасалады. Сонымен қатар, белгілі тізімге сай созылмалы және асқынған аураларды емдеуге арналған дәрілер тегін беріледі. Азаматтар кепілді көлемдегі медициналық көмекті МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан ала алады. Былтыр шамамен 3 миллион 400 мың тұрғын ауруханаларда стационарлық ем алған. Оның ішіндегі 1 миллион пациент осы кепілдірілген көлем шеңберінде емделген.

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу