Сарапшы: Қазақстан – құрлықтағы ең ұзын шекара бойынша дау-дамайы жоқ бірден-бір мемлекет
Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында шекаралық дау-дамайы жоқ бірден-бір мемлекет. Әлем бойынша құрлықтағы ең ұзын шекараны ресми түрде ресімдеу кезінде мемлекеттер арасында шекаралық қақтығыстар болмаған. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара 2005 жылы делимитацияланды. Одан кейінгі демаркациялау процесі кезең-кезеңімен және жүйелі түрде әлі күнге дейін жалғасып жатқанын айта кету керек, - дейді саясаттанушы Жанерке Қайратқызы.
Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:
Енді демаркация мәселесі бойынша бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей шекарасының 70 пайызы демаркациядан өткен. Қазіргі 30 пайыз қалып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл 30 пайыз көбінесе таулы аймақтарға тиесілі. Өйткені ол жерде нақты шекараны белгілеу өте қиын. Ал бірақ бүгінгі таңда технологиялардың дамуына байланысты, жаңа технологиялардың ойлап табылуына байланысты бұл жұмысты да атқару біраз жеңілдетілген. Таяу уақытта бітеді деп жоспарланып отыр.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner