ШҚО-да науқасты ауруханаға арнайы техникамен жеткізді
Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында егде жастағы науқас әйелді дәрігерлер осылай ауыр техниканың шөмішіне отырғызып ауруханға жеткізген.
Себебі өңірде қар тоқтаусыз 2 тәулік бойы жауды. Қардың қалыңдығынан аудан орталығының өзінде көліктің көбі тоқтап қалды. Ал жеке секторларда мүлде жол болмағандықтан, жедел жәрдем де жүре алмады. Дәрігерлер шақыруға жаяу баруға мәжбүр болды.
БҚО-да жол сақшылары баланы құтқарды
Ал Батыс Қазақстанда жол сақшылары бөгде зат жұтып қойды деген 1,5 жастағы баланы ауылдан қалаға дейін жеткізуге көмектесті. Ақжайық ауданы Чапай ауылының тұсында ер адам жол бойындағы полицейлерден көмек сұраған. Сақшылар сол бойда 130 шақырым жерден Оралға дейін жеңіл көлікке жол бастап, баланы облыстық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің ем шарасынан кейін баланың жағдайы жақсарды.
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
