Газа секторында атыс тоқтап, тұтқын алмасу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Газа секторында атыс тоқтап, тұтқын алмасу басталды

Газа секторында атыс тоқтап, тұтқын алмасу басталды

Газа секторында атысты тоқтату туралы ымыра күшіне енді. Нәтижесінде, Хамастың кепілдігіндегі израильдіктер арасынан үш әйел босатылып, үйіне оралды. Олар туған-туыстарымен кездесіп, медициналық тексеруге жіберілген. Израиль президенті кепілдегілердің оралуын «қуаныш пен жұбаныш күні» деп атады. Израиль болса, өз түрмесінен 90 палестиналықты босатқан. Хамас-Израиль соғысы 2023 жылы қазанның 7-сінде басталды. Содан бері Израильдің шабуылдарынан Газада 47 мыңдай адам қаза тапқаны белгілі. Соғыстың аяқталуы Израильде, Газада да үлкен мерекеге ұласты.

Арыстан Рысбек


Автор
Редакция
Бөлісу