Газа секторына гуманитарлық көмек беріле бастады
Cоғыс аяқталғаннан кейін Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізіле бастады. Өткен тәуліктің өзінде палестиналық анклавқа 630 жүк көлігі енгізілген. Олардың кейбірі азық-түлік пен дәрі-дәрмек, енді бірі отын жеткізді. Айта кетсек, Газада атысты тоқтату туралы келісім жексенбі күні күшіне енді. Нәтижесінде палестиналықтар тас-талқаны шыққан үйлеріне оралып жатыр. 2023 жылы қазанның 7-нен бері Израильдің шабуылдарынан мұнда 47 мыңдай адам қаза тауып, сектордың басым бөлігі жермен-жексен болды. Жергілікті 2,3 миллион тұрғынның 90 пайызы үйлерін тастап кетті.
Амал Әбу Эйта, Газа тұрғыны:
Біз елестету мүмкін емес қиын жағдайға тап болып отырмыз. Мына жерге балаларды қалай әкелеміз? Он бала қираған үйде қалай тұрады. Не істеуге болады? Құдайдың ісі шығар, бірақ шыдауға тура келеді, амал жоқ.
Атысты тоқтату туралы келісімге сәйкес «Хамастың» кепілдігіндегі израильдіктер арасынан үш әйел босатылып, үйлеріне оралды. Олар туған-туыстарымен кездесіп, медициналық тексеруге жіберілген. Израиль президенті кепілдегілердің оралуын «қуаныш пен жұбаныш күні» деп атады. Израиль болса, өз түрмелерінен 90 палестиналықты босатты.
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
