Вашингтонда инаугурацияға дайындық аяқталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Вашингтонда инаугурацияға дайындық аяқталып келеді

Вашингтонда инаугурацияға дайындық аяқталып келеді

Вашингтонда президент Дональд Трамптың инаугурациясына дайындық аяқталып келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, қазір Капитолийдің айналасында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ұлықтау рәсімі Астана уақытымен қаңтардың 20-да кешкі сағат 21:00-де басталады. Күннің суықтығына байланысты салтанатты рәсім ғимараттың ішінде өтпек. Бұл жаңалық Трампты Ұлттық аллея алаңынан көргісі келген тұрғындардың көңілін су сепкендей басқан. Жалпы алғанда Трамптың ант беру рәсімінің қауіпсіздігін шамамен 25 мыңдай қауіпсіздік қызметкері қамтамасыз етеді. 

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу