Жол апаты азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жол апаты азаймай тұр

Жол апаты азаймай тұр

«Астана-Щучье» тасжолында 95 көліктің апатқа ұшырауына бірін-бірі басып озуға тырысқан жауапсыз жүргізушілер себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Аслан Уәкішев айтты. Тергеп-тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оның айтуынша, қыс басталғалы ел аумағында 1 300 рет дауылды ескерту жарияланып, қолайсыз ауа-райы туралы 1 800 SMS хабарлама жіберілген.

Салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 390 рет жабылып, 1 468 адам, 208 техника қар құрсауынан шығарылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің айтуынша, автожолдардағы түрлі апаттық жағдайлардың азаймауы жүргізушілердің салғырттығы мен жауапкершілікті сезінбеуінен көрінеді.

Аслан Уәкішев, ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары:

Елдімекеннен тыс сапарларды жоспарламас бұрын, қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын зерделеу керек. Көлік қозғалысы үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтап алған жөн. Жабық учаскелер туралы ақпаратты «ҚазАвтоЖол» ҰК сайтынан немесе 1403 бірыңғай телефоны арқылы білуге болады. 112 құтқару қызметі бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен де нақтылауға мүмкіндік бар.

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу