ҰБТ: Ең жоғары балл – 136 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ҰБТ: Ең жоғары балл – 136

ҰБТ: Ең жоғары балл – 136

Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 31 мыңға жуық адам тест тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, шекті балды 60 пайызға жуық талапкер жинаған, ал орташа балл 58.

Ең жоғарысы 136, оны Түркістан облысының оқушысы жинады.

Талапкерлердің басым бөлігі математика-физика, биология-химия және шығармашылық емтиханды құп көрген. Ал химия-физика пәндері ең аз таңдалған. Қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Оған қатысу үшін жалпы 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу