Биыл халықтың 62 пайызы табиғи газбен қамтылады
66 млрд теңгеге жуық қаржы. Биыл елдімекендерді газбен қамтамасыз ету үшін осынша қаражат бөлінді. Жобалар сәтімен жүзеге асса, 12,5 млн-ға жуық халық көгілдір отынға қол жеткізеді. Сонымен, қанша облысқа газ тартылады? Қанша жоба жүзеге асады? Самал Қабышева рет-ретімен баяндайды.
Самал Қабышева, тілші:
Биыл елдімекендерді газдандыруға арналған 45 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатқа 66 млрд теңге жуық қаржы бөлінді. Жобалардың басым бөлігі Жетісу облысында. 21 жоба іске аспақ. Екінші орында - Қызылорда. Сыр өңірінде – 6, Жамбыл облысында 4 жоба бар. Барлығы сәтімен жүзеге асса, елімізде газдандыру деңгейі 62 пайызға дейін артады. Бұл 12,5 млнға жуық халық көгілдір отынға қол жеткізеді деген сөз. Тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарады. Экологияны ластау деңгейі төмендейді. От жағып, көмір тасымайды. Қаражат үнемдейді. Президент тапсырмасымен «Талдықорған-Үшарал» магистралдық газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Ауқымды жоба 2025 жылы, яғни биыл аяқталады деп жоспарлануда. Бұл Жетісу облысының Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 124 мыңнан аса тұрғынын газбен қамтуға мүмкіндік береді. Ілкімді жобаның бірі Қашаған кен орнында жүріп жатыр. Шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газын өндіретін технологиялық кешеннің құрылысы басталды. Жоспарға сәйкес, 2026 жылдан бастап халықты автогазбен қамтамасыз етеді. Мақсат қуаттылықты арттырып, автогазға деген тапшылықты жою.
Самал Қабышева
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner