Астанада туысы пышақтаған тұрғындардың жағдайы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада туысы пышақтаған тұрғындардың жағдайы белгілі болды

Астанада туысы пышақтаған тұрғындардың жағдайы белгілі болды

4 туысын пышақтаған жас жігітті полиция ұстап, «адам өлтіру» және «адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша іс қозғады. Жапа шеккен 4 адамның бірі оқиға орнында жан тапсырған.

Ал қалған үшеуі қазір Астанадағы № 1 көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер.

Татьяна Колпакчи, №1 көпбейінді қалалық аурухананың хирург дәрігері:

Ауруханамызға 3 науқас жеткізілді. Бет, мойын, кеуде тұсынан пышақпен жарақат алған. Қабырғасы сынып, өзге де дене мүшелеріне зиян келген. Түскен бетте бірден жылдам көмек көрсеттік. Үшеуіне де ота жасалды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты. Қазір хирургия бөлімінде толығымен дәрігерлердің жіті бақылауында.

Ақниет Балтанова 

Автор
Редакция
Бөлісу