Медициналық ұйымдарда цифрлық сәйкестендіру жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
Өткен жылы 23 мың жалған медициналық қызмет көрсетілген. Салдарынан бюджетке 208 млн теңге шығын келді. Сондықтан тамыз айында «цифрлық сәйкестендіру» пилоттық жобасы Астанада іске қосылған еді. Енді бұл жүйе барлық өңірде жүзеге аспақ.
Өйткені азаматтың жеке дерегін толтыруға кететін уақытты үнемдейді. Жоба негізінде дәрігерге қаралуға келгендер 2 тетікті таңдай алады. Біріншісі egov mobile қосымшасы арқылы яғни телефонға келген 6 таңбалы кодты дәрігерге хабарлау керек. Ал екіншісі, Face ID яғни дәрігердің алдындағы веб-камераға қарап, қабылдауды растайсыз. 6 таңбалы код та, фотосурет те жүйеде сақталмай, бірден жойылады. Әрі дәрігердің жұмысын жеңілдетеді.
Айдар Қасенов, ҚР ДСМ Мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасының басшысы:
Цифрлық сәйкестендіру орта есеппен 8-10 секундты алады және пациенттің сәйкестендірілуіне 100% кепілдік береді. Бұл дәрігерге қосымша жүктеме жоқ екенін көрсетеді. Сонымен қатар, егер азамат бас тартса, ол емделуші дәрігерге жеке басын куәландыратын құжатты ұсына алады.
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
