Ақтауда 250-дей отбасы екі жылдан бері баспаналарына қоныстана алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтауда 250-дей отбасы екі жылдан бері баспаналарына қоныстана алмай жүр

Ақтауда 250-дей отбасы екі жылдан бері баспаналарына қоныстана алмай жүр

«Айсар» компаниясына тиесілі «Ақ босаға» тұрғын үйі 2023 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда, құрылыс аяқталмаған. Жұрт бар тапқан-таянған қаржысын компания басшысына ұстатқан. Көбі 100 пайыз төлеп қойыпты. Енді өздері бірнеше жылдан бері пәтер жалдап жүр. Құзырлы органның мәліметінше, тұрғын үйдің құрылысқа қатысты құжаты дұрыс рәсімделмеген. Енді тұрғындар мәселені сот арқылы шешуі тиіс.

Балкенже Сүйіндік, қала тұрғыны:

1, 2-тоқсанда бізге құрылысқа ақша бересіздер деді. Біз жақсы деп келістік. Одан бері 2023, 2024 өтіп кетті. 2025-ке келдік. Бұл үй қашан бітеді? Әр жерде пәтер жалдап, қаңғырып жүрген адамдармыз. Жалғыз үйімді сатып, осыған салдым.

Өңірде 35 тұрғын үйдің құрылысы заңсыз деп танылды

Ал облыс аумағында осындай 35 заңсыз құрылыс бар. Оның 2-еуі Жаңаөзенде, қалғаны Ақтау қаласында. Барлығы да тұрғын үй құрылыстары. Оларға шамамен 3 500-ге жуық тұрғын қаражат салған.
Айта кетейік, былтыр Ақтауда заңсыз салынып жатқан 5 нысан мәжбүрлі түрде бұзылды.

Қуандық Аманқосұлы, Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет, құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы:

Жалпы 35 құрылыстың бәрі сотпен бұзу үшін мәжбүрлі түрде бұзу үшін шешім шығып тұрған обьектілер. Соның ішінен 15-ін МВК мен қарап, өзінің беретін тиісті құжаттарын, техникалық қорытындысын рәсімдеген жағдайда ғана оң шешімін шығаруға көмектесетін болады.


Автор
Редакция
Бөлісу