Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия табысталды

Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия табысталды

Мемлекеттік Кеңесші Қарин Ерлан әдебиет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендияны табыстады. ҚР Президентінің Өкімімен тағайындалған марапат қазақстандық 75 қайраткерге берілді.

Бұл қатарда Серік Тұрғынбекұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Алтыншаш Жағанова, Меруерт Өтекешова, Төлен Әбдік, Әкім Тарази, Қайрат Байбосынов сынды қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандары бар. Мемлекеттік стипендия шығармашыл тұлғалар мен жас дарындарға Қазақстанның мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан үлестері үшін жыл сайын беріледі. 

Төлен Әбдік, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

Әдебиет, өнер деген нәрсе адамдарды тәрбиелейтін құрал. Көпшіліктің адамгершілік санасын, кісілік қасиетін насихаттайтын нәрсе. Халыққа керек, рухани байлық деген болады. Міне осы тұрғыдан келген кезде бүгінгі жасап жатқан іс-шараға іштей қуанып, сүйсініп отырмыз.

Серік Жұмабек 

Автор
Редакция
Бөлісу