«Келешек» жинақтау жүйесі бойынша алғашқы меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Келешек» жинақтау жүйесі бойынша алғашқы меморандумға қол қойылды

«Келешек» жинақтау жүйесі бойынша алғашқы меморандумға қол қойылды

Алматыда «Келешек» ерікті жинақтау жүйесі бойынша меморандумға қол қойылды. Сәтбаев университеті Президент бастамасын қолдап, «Қаржы орталығымен» келісімге келді. Меморандум аясында университет осы жүйеге ақша жинақтағандарға 20%-дан 50%-ға дейінгі көлемде жеңілдік қарастырады. Яғни, мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмаған, алайда «Келешек» бағдарламасы бойынша жалпы оқу құнының жартысын жинақтаған талапкер жеңілдіктерді пайдалана алады. «Келешек» Қазақстан балаларына мемлекеттік білім беру гранттарын бөледі. Сондай-ақ бала 18 жасқа толғанша қаржылық ресурстарды тұрақты түрде жинақтауға арналған мемлекеттің қосымша тетігі. Мақсаты – жастардың жоғары білім, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім алу қызметтері үшін ақы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Асқар Ибраимов, «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар банктен депозит ашуы немесе өмірді сақтандыру компанияларымен келісімшарт жасауы тиіс. Бала 5 жасқа толған кезде мемлекет 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын бөледі. Есеп шоттағы қаржыға жыл сайын 5-7% көлемінде мемлекеттік сыйақы төлейді. Оған қосымша банктің сыйақысы немесе өмірді сақтандыру компаниясынан бөлінетін инвестициялық кіріс бар.

Қуан Нұрақын

Автор
Редакция
Бөлісу