Қазақстан-Қытай шекарасында көліктерді өткізу тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан-Қытай шекарасында көліктерді өткізу тоқтатылады

Қазақстан-Қытай шекарасында көліктерді өткізу тоқтатылады

Қазақстан мен Қытай шекарасында автомобиль өткізу бекеттері 1 аптаға жабылады. Бұл - Қытай еліндегі Көктем мерекесі немесе Қытай жаңа жылына байланысты қабылданып отырған шара. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, 27 қаңтарда кешкі сағат 20:00-ден 1 ақпан сағат таңғы 08:00-ге дейін бекеттерде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады. Ал екі ел арасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу