«Қазақмыс» кенішінде бір жұмысшы қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Қазақмыс» кенішінде бір жұмысшы қаза болды

«Қазақмыс» кенішінде бір жұмысшы қаза болды

Шығыс Жезқазған кенішіндегі «Анненская» шахтасында бір жұмысшы қаза болды. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Өндірістік апат салдарынан 39 жастағы 5-разрядты ұсақтағыш маман жазым болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Компания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жерлеу шығындары мен ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу