БҚО-да ірі шекара бекеті қайта жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар БҚО-да ірі шекара бекеті қайта жөнделеді

БҚО-да ірі шекара бекеті қайта жөнделеді

Жылына 250 мың көлік өтетін «Сырым – Маштаково» өткізу бекеті қайта жөнделеді. Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің Орынбор облысы шекарасында орналасқан ең ірі нысан «ақпан айында жөндеуге жабылады» деген ақпарат тараған еді. Жобаға жауапты «ҚазАвтоЖол» мекемесі әзірге құрылыс жұмысының қашан басталарын айта алмады. Өйткені конкурсқа қатысқан екі мердігер соттасып жатыр. Ал жөндеу барысында бекет түгел жабыла ма, әлде бір бөлігі ашық тұра ма, белгісіз. Бұл сұраққа жауап беретін шекара қызметі қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Жүк тасымалдаушылар стратегиялық нысанның түгел жабылуына наразылық танытып, шағымдарын айтты. Бекет жабылса, несиемен отырған олар шығынға ұшырап, тауар бағасы өсуі мүмкін.

Асылбек Мардан, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры:

Жалпы жоба құны - 21 млрд теңге. Жұмыс уақыты - 16 ай. Бүгінде 6 жолақ болса, қайта жаңғыртылғаннан кейін 12 жолақ болады. ИДК дейміз ғой, рентген, таразы, сондай құрал-жабдықтар болады.

Ардақ Мұратқызы


Автор
Редакция
Бөлісу