Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін елдің басым бөлімігінде ауа райы күрт суытты. Аязға байланысты бірқатар өңірде мектептер қашықтан оқып жатыр. Сондай-ақ тас жолдар жабылып, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қосымша пойыздар жолға шықты.
Нұрсұлтан Тілектес - тілші:
Қазір елордада ауа температурасы -17 градус. Аязды жел соғып тұр. Елдің басым бөлігінде оның екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Сондықтан 16 өңірде дауылды ескерту жарияланып, оқушылар онлайн оқитын болды. Синоптиктердің мәліметінше, ауа райының күрт суытуына солтүстік-батыстан ойысқан циклон себеп болған. Сондықтан алдағы күндері еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс бөліктерінде күшті жел мен қар жауады деп күтіледі. «Қазавтожолдың» хабарлауынша, қазір республикалық маңызы бар 19 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған. 600 маман мен 1000-нан астам техника жолдарды қардан тазартып жүр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 500-ден астам жолаушыға шақталған қосымша поездар жолға шықты. Ал ІІМ азаматтарға үндеу жасап, алыс жолға шықпауын сұрап отыр. Ал жолға шығып кеткен жолаушыларға жақын жердегі елдімекендерге тоқтап, ауа райының қалыпқа келгенін күтуге немесе 1403 байланыс нөміріне хабарласуға кеңес берілді.
Кеше «Қарағанды-Астана» тасжолында 1000-нан астам көліктің жолда қалғаны жайлы айтқан едік. Оларға полицейлер көмектесіп жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner