Шымкент – Тараз бағытындағы жол екі күнге жабылды
Шымкентте кеше күні бойы толассыз жауған нөсердің соңы қарға ұласты. Ал Жамбыл облысында бірнеше бағытта жол жабылып, қар құрсауында қалғандар құтқарылды.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Таң атпай басталған қар бүгін ымырт түскенге дейін жауатын түрі бар. Алғашында екпінді желмен ұйытқыған бұрқасын қазір саябырсыды. Мегаполистегі мектептер әзірге қалыпты режимде оқып жатыр. Шаһардағы коммуналдық қызмет пен барлық арнайы техника түстен бастап қар тазалауға кірісті. Өйткені метеорологтар бүгін және ертең түнде -14 градусқа дейін аяз болады деген болжам таратты. Оған дейін барлық күш көшелерді қардан тазартуға жұмылдырылмақ. Тараз бен Шымкентті жалғап жатқан күре жолмен қатынауға екі күнге шектеу қойылған.
Ал Жамбыл облысында жағдай мұнан да қиындау. Өңірден Қарағанды бағытына қарай қатынау мүмкін емес. Бет қаратпас бораннан «Алматы – Екатеринбург» тасжолы жабылған. Бурылбайтал ауылынан Арқа жерінің шекарасына дейінгі 150 шақырым жолды қалың қар басып қалған. Кешелі бері жабылған жол учаскелері бойынан 14 адам құтқарылды. Толғағы қысқан екі жүкті әйелге дер кезінде көмек көрсетілді. Қазір блокбекеттер маңында ұзын саны 400-ге тарта көлік кептеліп тұр. Мектептердің бірінші ауысымда оқитын барлық оқушы онлайн жүйемен білім алуда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner