Енді «Қызылорда – Арал» тасжолы ақылы болады
«Қызылорда – Арал» автожолы 26 қаңтардан бастап ақылы болады. Ақша алымы тек жүк көліктері мен автобустарға ғана қолданылады. Ал жеңіл көліктерден ақы алынбайды. Екі аралықтағы 454 шақырым жол екінші техникалық санатқа жатады. Жол бойында 6 бақылау жүйесі орнатылды. Яғни, бейнекамералар көлік қозғалысын, жылдамдық пен қарқындылығын автоматты түрде базаға тіркейді.
Сондай-ақ трассада төлем бекеттері болмайды, интернет-банкинг секілді 10-ға жуық әдіспен ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік қарастырылған. Ақылы жолда жүк көліктерінің салмақтық, ал автобустардың сыйымдылығына тариф белгіленген. Мамандар түскен қаражат республикалық жолды күтіп ұстауға жұмсалады дейді.
Шанжархан Мырзабаев, «Қазавтожол» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:
Жолдың сапасы қазір жақсы. Барлық жол белгісі, жолдың шұңқыры жұмысы - бәрі атқарылып отыр. Жылдан жылға министрліктен орташа жөндеуге қаржы бөлінеді. Соған байланысты әр жерде болған ақауларды жасап отырмыз.
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы