Бүгін кей өңірде 38 градусқа дейін аяз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Бүгін кей өңірде 38 градусқа дейін аяз болады

Бүгін кей өңірде 38 градусқа дейін аяз болады

Қатты аяз, жел және бұрқасын. Бүгін Қазақстанның кей өңірінде 38 градус аяз болады. Синоптиктердің болжауынша, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа райының қолайсыздағына байланысты бірқатар қала мен аймақта мектеп оқушылары онлайн форматына ауыстырылды. Айта кетейік, елордалық балалар 3 күннен бері қашықтан оқып жатыр. Ал кеше жабылған бірқатар республикалық маңызы бар жол ашылып жатыр. Ауа райының тұрақталуына байланысты Ақмола мен Қарағанды облыстарының жолдарында шектеу жоқ.  

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу