Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады. Кездесуде Әсел Жанасова былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Соңғы 2 жылда «Қазпошта» таза табыс тауып, бюджетке 45 млрд теңге көлемінде салық және баж алымдарын төлеген.

Сондай-ақ компания Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісінде үздік 50 оператордың қатарына енді. Оған тасымал үдерісінің оңтайландырылуы сеп болған. Соңғы жылдары жөнелтілімдердің саны 20 миллионға жеткен. Оның 9 миллионы халықаралық сәлемдеме. Оған қоса тасымалды жеңілдетуге арналған 180 HomePost пункті ашылған. Оның саны биыл мыңға жетпек.

Сондай-ақ, пошталық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында шетелдік компаниялардан 50 млн доллар инвестиция тартылған. Кездесу соңында Президент компанияның қаржылық жағдайын жақсарту, ТМД-ға бағытталған көлік-логистика әлеуетін электронды сауда саласында дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:
Біз сәлемдемелер көлемін 26%-ға көтердік, 20 миллионға жеткіздік. Оның 42%-ы ауылды мекендерге жетті. Логистикалық транзиттік HUB болу аясында, Alibaba-ның елшілес компаниясы SainiAL-мен бірге ТМД-ның 9 мемлекетіне электронды тауарларды тасымалдаймыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Автор
Редакция
Бөлісу