МӘМС-тің қаржылық моделінде бірқатар кемшілік бар екені анықталған
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2031 жылға қарай өз міндеттемелерін орындай алмай қалуы мүмкін. Қорға, оның өңірлік филиалдарының қызметіне мемлекеттік тексеріс жүргізген Жоғары аудиторлық палата Мәжілістің Үкімет сағатында осыны жеткізді. Өйткені қордың қаржылық моделінде бірқатар кемшілік бар екені анықталған.
Бүгінде тегін кепілдендірілген медициналық көмек пен МӘМС негізінде сақтандырылған медициналық көмек бар. Президент осы екеуін бірыңғай жүйеге айналдыруды тапсырған еді. Ал жаңа жүйе қалай жұмыс істейді? Кемшілігі көп МӘМС-ті жетілдіру жолдары қандай? Қаражаттың жұмсалуына қатысты да шағым жетерлік. Депутаттық корпуста осы тектес сауал көп. Тіпті жүйе толық реттелгенше МӘМС-ті уақытша тоқтатуды ұсынғандарда бар.
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
