Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова БАҚ өкілдеріне осыны жеткізді. Жыл басынан бері коронавирустық инфекциялар жұқтырған 51 науқас тіркелген. Бұл өткен жылмен алыстырғанда 7 есе төмен деді. Жедел респираторлы вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы басталғаннан бері тұмаудың зертханалық расталған 1686 жағдайы тіркелді. Жалпы республика бойынша тұмауға қарсы 2,3 млн адам екпе алды. Бұл республика халқының 11,6% құрайды. Сондай-ақ, былтыр қыркүйектен бастап Адам папилломасы вирусына 114,4 мыңнан аса қызға екпе салынды.

Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:

2024 жылы қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға АПВ вакцинациясы, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 114,4 мыңнан астам қыз егілді, оның ішінде 11 жаста 64,1 мың, 12-13 жаста 50,3 мың вакцинацияланған иммундаудан кейін жайсыз жағдай тіркелмеген.

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу