Өндіріс орындарындағы оқыс оқиғалар 4,5%-ға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Өндіріс орындарындағы оқыс оқиғалар 4,5%-ға азайды

Өндіріс орындарындағы оқыс оқиғалар 4,5%-ға азайды

Өткен жылы өндіріс орындарында 1 408 жазатайым оқиға тіркелді. Оқыстан 202 адам көз жұмды. 2023 жылмен салыстырғанда жұмыс орнындағы төтенше жағдайлар 4,5%-ға азайған. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Өндірісте жарақат алу ең көп тіркелген өңір – Қарағанды. Мұнда бір жыл ішінде 150-ден астам адам зардап шеккен. Одан соң Шығыс Қазақстан облысында – 124, Алматы қаласында – 116 жағдай тіркелген. Тау-кен өндірісі саласында оқыс жағдайға ұшырағандар үлесі – 18,3%. Ал құрылыс саласында болған жайттардың үлесі – 10%.

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу