Қазақстан – Қытай арасындағы тауар айналымы 9% артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан – Қытай арасындағы тауар айналымы 9% артты

Қазақстан – Қытай арасындағы тауар айналымы 9% артты

Қазақстан – Қытай арасындағы тауар айналымы 9% артты. Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Былтырғы қорытындыға сәйкес екіжақты тауар өсіп, 43 млрд доллардан асты. Қытай еліміздің 5 үздік инвесторы қатарында. Бүгінге дейін 11 мың жұмыс орнын ашу арқылы 62 жоба іске асты. Бұдан бөлек тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақты нығайтуға баса назар аударды. Былтыр екі ел арасында жүк тасымалдау көлемі 13% өскен. Кездесу соңында тараптар әріптестікті нығайту және бірлескен жұмысты күшейтуге ниетті екендерін жеткізді. 

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу