Елде соңғы 3 жыл ішінде 12 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елде соңғы 3 жыл ішінде 12 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Елде соңғы 3 жыл ішінде 12 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Соңғы 3 жыл ішінде пайдаланылмаған және заңсыз үлестірілген 12 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды. Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов биыл тағы 2 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделіп отырғанын жеткізді. Бірқатар өңірде жайылым тапшылығы бар. Сондықтан қайтарылған жердің 2 млн гектары жайылым ретінде пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, игерілмей жатқан жер де көп. Бұл мақсатта 3 млн гектар жер конкурс негізінде үлестірілді. Қазақстанда 29 млн гектар жер деградацияға ұшыраған. Мәселені реттеу үшін арнайы топ құрылды және Парламентке топырақты қорғау туралы заң жобасы жолданды. 

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу