Еуразия ұлттық университеті «Келешек» жүйесі бойынша меморандумға қол қойды
Еуразия ұлттық университеті «Келешек» жүйесі бойынша меморандумға қол қойды. Енді мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмаған, алайда осы жүйе арқылы жалпы оқу құнының жартысын жинаған талапкерге университет бірқатар жеңілдік жасайды. «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі Президент бастамасымен құрылды. Онда ата-ана кез келген банк немесе сақтандыру компаниясы арқылы баласының атына шот ашып, ай сайын кемі 1 АЕК көлемінде жарна төлеп отыруы тиіс. Ал мемлекет 5 жасқа дейінгі балалардың шотына 221 мың теңге біржолғы бастапқы капитал аударады. Жинақты Қазақстандағы ғана емес, шетелдегі колледждер мен университеттерде білім алуға, сондай-ақ баспана сатып алуға жұмсай алады.
Еркебұлан Нұғыманов, ЕҰУ Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті директор орынбасары:
Бағдарлама өте тиімді. Қазір жастар, сапалы білім аламын деген балалардың отбасына кең мүмкіндік деп айтуға болады. Бастапқы 5 жастан бастап ақша жинау мүмкіндігі, одан кейін әлеуметтік жағдайы төмен балаларға, яғни мүгедектерге бұл болашақта сапалы білім алуына, жеңілдік алуына үлкен себебін тигізеді деп ойлаймын.
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
