Павлодар облысында жұмысшы мамандарды дайындауға мән беріле бастады
Павлодар облысында жастардың кәсіптік білім алуға деген қызығушылығы артты. Қазір 33 оқу орны 52 бағыт бойынша жұмысшы мамандығын дайындайды. Теориялық сабақтар өндірістегі тәжірибемен тығыз ұйымдастырылған. Бүгін Сенат депутаттары колледждер мен бірқатар өндіріс орындарына барды. Химия-механикалық колледжі 6 бағыт бойынша маман дайындайды. Бұдан бөлек мұнай, газ, ауыл шаруашылығы саласында сараптама жасайтын жеке зертханасы бар. Яғни түлектер осы жерден тәжірибе жинақтап дайын маман болып шығады. Ахмет Аленов – мұнай мен газды қайта өңдеу саласындағы еңбек династиясын жалғастырушы.
Ахмет Аленов, студент:
Менің ағам маған кеңес берді. Осы колледжге түсуге. Ол Павлодар мұнай- химия зауытында бас оператор болып жұмыс істейді. Мен де ол сияқты бас оператор болғым келеді. Олардың жалақысы жоғары. Біздің шәкіртақымыз әр жыл сайын артып жатыр.
2025-ші жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Сала бойынша маман даярлауға мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға артты. Соған орай ақпан айында Парламенттік тыңдау өтеді. Депутаттар жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы маңдай терін төгіп жұмыс істейтін нағыз еңбекқор азаматтарды қалыптастырудың мүмкіндіктерін талқыламақ.
Амангелді Толамисов, Сенат депутаты:
Негізгі еңбек адамының мәселелерін көтеріп, оларды әлеуметтік қолдау бағыты, сонымен қатар осы жұмысшы мамандығын дайындауға байланысты сол жерде ұсыныстарды дайындап, ары қарай осыны дамытуға қандай бізге тетіктер керек, бүгінгі жағдай қандай, міне осы бағытта танысуға келдік.
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
