Euronews Академиясы үш университетпен ортақ келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Euronews Академиясы үш университетпен ортақ келісімге қол қойды

Euronews Академиясы үш университетпен ортақ келісімге қол қойды

«Euronews» телеарнасының жетекші мамандары енді отандық журналистер мен студенттерге дәріс оқып, тәжірибе алмасады. Бүгін Euronews Академиясы Еуразия ұлттық университеті, Maqsut Narikbayev атындағы және Astana IT университеттерімен үш жақты меморандумға қол қойды. Жоба авторлары цифрлық журналистика, медиаменеджмент және журналистиканың арнайы жанрлары бойынша курстар әзірлейді.

Боян Бркич, Қазақстандағы «Euronews» бюросының басшысы:

Біз Қазақстандағы журналистиканың қалай дамып, қай бағытқа басымдық беріп жатқанын көріп-білгіміз келеді. Осы елге тек кәсіби мамандарымызды тартып, тәжірибе алмассақ дейміз. Академия тек Астанадан емес, елдің бірқатар өңірлерінде ашылуы мүмкін.

Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу