Қазақстандықтардың АҚШ-тан шығарылғаны туралы ақпарат түскен жоқ - министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстандықтардың АҚШ-тан шығарылғаны туралы ақпарат түскен жоқ - министрлік

Қазақстандықтардың АҚШ-тан шығарылғаны туралы ақпарат түскен жоқ - министрлік

Қазақстан азаматтарының АҚШ-тан шығарылғаны туралы ақпарат түскен жоқ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев осылай деді. Айта өтейік, қазір АҚШ-та мигранттарды депортациялау шарасы жүріп жатыр. Осыған байланысты заңсыз жүргендер ел аумағынан шығарылады. Әзірге мұндай жағдаймен қазақстандықтар Сыртқы істер министрлігіне де, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіне де хабарласпаған. Дипломаттар бұл мәселенің бақылауда екенін айтты. АҚШ-та 25 мың қазақстандық бар.

Самал Қабышева


Автор
Редакция
Бөлісу