Атырау МКД басшысының орынбасары төбелестен соң комаға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Атырау МКД басшысының орынбасары төбелестен соң комаға түскен

Атырау МКД басшысының орынбасары төбелестен соң комаға түскен

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелестен ауыр жарақат алып, комаға түсті. Оқиға кеше қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Жанжалға салық қызметкерлерімен қатар прокуратураның өкілдері де қатысқан болуы мүмкін деген мәлімет бар. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Бөлісу