Елімізде жасөспірімдер арасында ерте жүктілік 1,5 есе көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде жасөспірімдер арасында ерте жүктілік 1,5 есе көбейді

Елімізде жасөспірімдер арасында ерте жүктілік 1,5 есе көбейді

Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында жүктілік бір жарым есе өсті. Ерте босану жағдайлары әсіресе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында көбейген. Осылай деген сенатор Нұртөре Жүсіп Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрлігіне мектептегі бақылауды күшейту қажеттігін айтып, депутаттық сауал жолдады. Оның дерегінше, 2023 жылдың өзінде 5 мыңнан астам жасөспірім ерте ана болған. Бұл медициналық ұйымдарға тіркелгені ғана. Оның көбі - зорлық-зомбылық көргендер, дейді депутат. Арыз жазудың орнына мәселені жылы жауып қоюға тырысатын ата-ана да аз емес деген сенатор, ағарту жұмыстарын шұғыл қолға алуды ұсынды.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біз бұл мәселеге ерекше назар аудармасқа болмайды. Өйткені мұның әлеуметтік салдары бар. Жүкті болған қыздар автоматты түрде қауіп-қатер аймағына енеді және білім алу мүмкіндігін жоғалтады. Әлеуметтік қайшылықтарға тап болады. Сондықтан осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ұлттық деңгейде жүйелеу қажет деп есептеймін.

Айя Мүтәлі

Автор
Редакция
Бөлісу