Жамбыл облысында жанармайды заңсыз тасымалдаған қырғызстандықтар қолға түсті
Сыртқа сұйық отын сатқандар ұсталды. Жамбыл облысында жеңіл автокөліктерімен жанармай тасып жүрген қырғызстандықтар қолға түсті.
Арасында Меркі ауданының тұрғындары да бар. Олар көлікпен заңсыз бензин тасуды кәсіп көзіне айналдырған. Әбден әккі болғаны сонша, салондағы орындақтарды алып тастап, қосымша бак орнатып алған. Арнайы рейд кезінде 130 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция Департементінің баспасөз хатшысы:
Оларға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-шы бабының, 7-ші бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Заңсыз жабдықталған автомашиналар бұзушылықтары жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner