ЖОО үздік бітіргендер бірден лауазымды қызметке тұра бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ЖОО үздік бітіргендер бірден лауазымды қызметке тұра бастады

ЖОО үздік бітіргендер бірден лауазымды қызметке тұра бастады

Жоғары оқу орнын үздік бітірсеңіз, бірден лауазымды қызметке тұра аласыз. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткізген жиында айтылды. Агенттік былтырғы жылды қорытындылады. Сөйтіп 2024 жылы жеке және квазимемлекеттік сектордан 184 маман басшы лауазымдарға тікелей тағайындалған. Соңғы екі жылда жоғары оқу орындарын үздік бітірген 445 түлек конкурс өткізілместен аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға жұмысқа орналастырылды. «Бұл білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға және шалғай өңірлердегі кадр тапшылығын шешуге арналған тетік.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Қазіргі таңда бізде 70-тен аса мемлекеттік органдар толық-қанды «Е-қызмет» жүйесіндегі сыртқы порталына көшті. Ол мемлекеттік қызметке онлайн қабылдау. Осыған байланысты біз өзіміздің гибридтік моделімізді ары қарай жалғастыра береміз.

Азамат Бейбітұлы

Автор
Редакция
Бөлісу