Мұстафа Шоқайдың 60-тан астам зерттеу жұмысы сараптамаға жіберілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мұстафа Шоқайдың 60-тан астам зерттеу жұмысы сараптамаға жіберілген

Мұстафа Шоқайдың 60-тан астам зерттеу жұмысы сараптамаға жіберілген

Алаштанушы Мұстафа Шоқайдың туғанына биыл 135 жыл. Осыған орай Астанада ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын барысында ғалымның 60-тан астам зерттеу жұмысы сараптамаға жіберілгені белгілі болды. Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған Мұстафа Шоқай мен Мария Шоқайдың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер көрсетілді. Шараға Түркия университеттерінің профессорлары, ғылым докторлары қатысты.

Әбдімүтәлі Баяхов, Мұстафав Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары:

Содан кейін ол кісінің әлі де ашылмай жатқан еңбектерін әрі қарай зерттеп-зерделеу мақсатында жас мұстафатанушыларды тәрбиелеу, солардың көзін ашу - мақсатымыз. Қазақ тарихының жаңа беттеріне жаңадан мәліметтерді енгізу мақсатында осы конференция ұйымдастырылып жатыр.

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу