Борышкер лудомандарды ЖСН арқылы анықтау тетігі енгізілуі мүмкін
Елімізде борышкер лудомандарды жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы анықтау тетігі енгізілуі мүмкін. Бәс тігушілердің арасындағы салық, алимент, несие берешегі бар адамдарды құмар ойыннан шектеу үшін осындай тыйым тәсілі пысықталып жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрілігінің алқа мәжілісінде баяндалды. Шектеу шарасы қандай да бір материалдық қарызы бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін қабылданбақ. Жалпы, борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілді. Бүгінде аталған тізімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтың аккаунты бұғатталды. Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталып жатыр.
Азамат Бекйбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы