Digital Almaty: робототехника мен дрондар чемпионаты өтіп жатыр
Алматыда Digital форумы аясында робототехника мен дрондар чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жолғы Робототехника чемпионатына 20 команда қатысуға өтініш білдірген. Барлығы аймақтық жарыстың жеңімпаздары. 7-8-ші сыныптан бастап, жоғары технологиялық роботтар құрастырып, күрделі инженерлік тапсырмаларды орындайды. Биылғы тақырып су асты әлеміне арналған. Яғни өзен-көлдердің түбін қоқыс қалдықтарынан тазалауды көрсетуі тиіс. 200- ге жуық мектеп оқушысы қатысып жатқан сайыстың жүлде қоры – 2 млн теңге. Чемпионатта үздік деп танылған жас өнертапқыштар, халықаралық жарыста бағын сынайды.
Мұхаметжан Төлеубек, 10-сынып оқушысы:
Осы жылдың категориясы су астындағы әлем. Көріп отырғаныңыздай қоршаудың ішінде шаршы кубиктер жатады. Ол кубиктер су астындағы қоқыс сияқты. Біздің роботтар оларды жинап жәшікке апарады немесе немесе іліп қояды. Біздің командамен роботты құрап, жақсы ойындар көрсетіп жатырмыз.
Сондай-ақ, форум аясында өтіп жатқан тағы бір шара – мульти дрондар чемпионаты. Оған 100-ге жуық адам 42 команда болып сынға түсіп жатыр. Мұндай сайыс форумда алғаш рет ұйымдастырылды. Дронды кедергілер арқылы жақсы ұшыра білген команда арнайы сыйлыққа ие болады. Жеңімпаз құрама Оңтүстік Кореяда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алады.
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы