Ақтөбедегі ірі дүкендерде шіріген картоп сатыла бастаған
Картоптың жыры бітер емес. Бұл жолы оның бағасына емес, сапасына қатысты шағым көбейді. Ақтөбедегі дүкендер мен ірі сауда орындарына шіріген өнім шығарылған.
Ірі супермаркеттерде сатылып жатқан өнімді тұрғындар бейнекамераға түсіріп, шағым білдіріп жатыр. Тұрақтандыру қорынан әкелінген арзан картоптың сапасы тіпті нашар. Әкімдік өкілдері өнімнің қанша пайызы жарамсыз екенін айта алмады. Дегенмен бұл мәселе көп ұзамай шешімін табады деп сендірді. Қазір тұрақтандыру қорында мың екі жүз тонна картоп бар. Сауда орындарына аптасына жүз тонна шығарылып жатыр. Облыс аумағында картоптың келісі 400 теңге шамасында.
Айбат Ербазиев, Ақтөбе облыстық а/ш басқармасы басшысының орынбасары:
Тұрақтандыру қорының өнімі. Оларды біз кері қайтарып жатырмыз. Халық болғасын, өзіміз де сол халықтың ішінен шықтық қой. Алдырып тастаймыз, кейін қайта алдырып, алмастырамыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner