Маңғыстауда Қызылсай ауылында балабақша тәрбиеленушілері астан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Маңғыстауда Қызылсай ауылында балабақша тәрбиеленушілері астан уланды

Маңғыстауда Қызылсай ауылында балабақша тәрбиеленушілері астан уланды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігердің көмегіне 37 адам жүгінген. Олар іш ауруына шағынып, жедел-жәрдем шақырған. Медициналық тексеруден кейін бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылған. Қалғандары амбулаторлық емге жіберілді. Ал балабақша жабылып, құзырлы органдар тексеру жұмыстарын бастаған.

Аягөз Оралбайқызы

Автор
Редакция
Бөлісу