Қызылордада ВИЧ инфекциясына шалдыққан әйел қауіпті кеселді донорлардан жұқтырмаған
Қызылордада ВИЧ инфекциясына шалдыққан әйел қауіпті кеселді донорлардан жұқтырмаған. Перзентханада ауыр жағдайда босанып, бір айдан кейін айықпас кеселге шалдыққан жас ана қазір емделіп жатыр. Осы оқиғаға қатысты тың деректерді өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлынан білейік.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Көңілге демеу болатыны шақалақтан аурудың белгілері анықталмады. Дегенмен, нәресте 1,5 жасқа дейін толық бақылауда болады. Ал анасы арнайы медициналық есепке алынып, қажетті ем-домын алып жатыр. Бастапқыда босанған әйелге вирус 12 донордың бірінің қанынан жұғуы мүмкін деген болжам айтылған. Бірақ, эпидемиологиялық зерттеу барысында барлық донордың сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.
Әділбек, бұл оқиғаға қатысты құзырлы орындар не дейді? Науқас қауіпті кеселді қайдан жұқтыруы мүмкін. Донорлардан басқа тағы кімдер тексеріліп жатыр, ондай ақпарат бар ма?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қатерлі дертті науқастың қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз. Қоғамның қызу талқысына түскен жайсыз жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық басқарма тек жазбаша жауап берумен шектеліп отыр. Олардың айтуынша, тергеу процесі әлі жалғасуда. Қан берген 12 донор екінші мәрте тексеруден өтеді. Сол тексерулердің қорытындысы шыққанда ғана бұл оқиғаның анық-қанығын біле аламыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner