Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жұмыс істегендерге үстемақы төленеді
Төтенше жағдайлар органдарының келісімінсіз тоғыз қабаттан жоғары ғимараттар пайдалануға берілмейді. Бұл норма енді азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізіледі. Яғни бұрын құрылыс салушылар өздері арнайы техникалық шарттар жасап, ғимараттар тұрғызса, енді мұны төтенше жағдайлар органдарының рұқсатынсыз жасауға болмайды. Бүгін Мәжілісте Азаматтық қорғаныс жөніндегі заң жобасы қаралды.
Самал Қабышева, тілші:
Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көтерме және тұрғын үй жәрдемақысы төленеді.Яғни құтқарушылар да тұрғын үй төлемдерін алатын болады. Азаматтық қорғау органдары мамандарын ынталандыру мақсатында осындай жағдай жасалмақ. Бұл мүмкіндік оларға және олардың отбасы мүшелеріне қарастырылған. Яғни қоныс аудару бойынша да жәрдемақы төленеді. Оның ішінде мүлікті тасымалдау, жол жүру шығындарын өтеу қарастырылған. Сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемақы белгіленеді. Үстемақы ақшалай қаражаттың 3 еселенген мөлшерінде төленеді. Ал еңбек өтілінің бір күні үш күнге есептеледі.Сонымен қатар егер өрт сөндіруші немесе құтқарушы жауынгерлік жағдайда қызметтік міндеттерін орындау кезінде зардап шексе, санаториялық-курорттық негізде оңалтуға барады. Ал 2026 жылы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жалақысы 10% өседі. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоба Мәжіліске 2023 жылдың қазан айында түскен болатын. Жұмыс тобының 19 отырысы өтіп, негізгі 10 мәселені шешуге бағытталған 4 кодекс пен 17 заңға түзетулер енгізілді. Толық ақпаратты 20:00 шығатын қорытынды жаңалықта айтамын.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner