АЭС құрылысы: Экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар АЭС құрылысы: Экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету тапсырылды

АЭС құрылысы: Экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету тапсырылды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында 2025–31 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі қаралды. Тұтынудың артуына байланысты 2035 жылға дейін 26,5 ГВт жаңа генерация құрылымын қалыптастыру жоспарланып отыр. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер барысын баяндады. Премьер-министр жобаның экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуді, өндірісті локализациялау мен технология трансфертіне басымдық беруді тапсырды. 

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу