Былтыр елімізде 361 медициналық нысан салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Былтыр елімізде 361 медициналық нысан салынды

Былтыр елімізде 361 медициналық нысан салынды

Елімізде былтыр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 361 медициналық нысан салынып, тапсырылды. Нәтижесінде шалғай елдімекен тұрғындары да сапалы медициналық қызмет алуда. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында да айтылды. Мәселен, халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысында тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету мен медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында 49 заманауи медициналық нысан пайдалануға берілді. Бірқатар ауылдарда емдеу мекемелері күрделі жөндеуден өтті. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, жедел жәрдем көліктері алынды. Ендігі жерде тұрғындар аудан орталығына бармай-ақ, өз ауылдарында ем ала береді.

Байдулла Бердібеков, Еңбекші ауылының тұрғыны:

Бұрын емхананың ішінде ештеңе болмаған. Тіпті емхана есебінде болған  жоқ. Шарапханаға 5 километр жерге баратын едік. Көп адам Қазығұртқа тіркеуге тұрған. Сол жаққа барады. Міне, енді ашылып, барлығы осы жерге қарады. 

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында еліміздің өзге өңірлерінде де жаңа емдеу мекемелері халыққа қызмет көрсете бастады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облысында барлығы 59 емхана ашылса, Абай облысында 62 нысан ел игілігіне берілді.

Айнұр Әбілқасымқызы


Автор
Редакция
Бөлісу