Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған шаралар басталды
Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналып 500-ге жуық шара өтеді. Дені рухани-мәдени бағытта. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция, республикалық ақындар айтысы, жыр мүшәйралары және көрмелер. Хакімнің мерейтойына әлемнің әр түпкірінен меймандар да көптеп келеді деп жоспарланып отыр. Мерейтой ақынның туған топырағы Жидебайда түйінделеді. Мәдени шаралардың алғашқысы Семейдегі ауқымды концертпен басталып та кетті.
Толқын Берікбекқызы, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
Абай ауданындағы мәдени обьектілер жөнделеді. Өйткені туристердің ағыны көп келеді деп жоспарлап отырмыз. «Семей – Қарауыл» бағытындағы жолды жөндеу жоспарланған. Одан кейін этноқалашық тігіледі және қолөнершілердің байқау фестивалі өткізіледі деп отырмыз. Республикалық Абай оқулары да биыл сол Қарауыл ауылында Абай күні өткізіледі.
Ержан Жақып
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner