Қазақстан танымал елдер тізімінде 40-орыннан 29-орынға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан танымал елдер тізімінде 40-орыннан 29-орынға көтерілді

Қазақстан танымал елдер тізімінде 40-орыннан 29-орынға көтерілді

Қытайдан Қазақстанға 655 мың турист келген. Былтыр Қытайда өткен Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды. Маркетингтік құралдарды пайдалану, оның ішінде түрлі кездесулер, іскерлік және мәдени шаралар өткізу арқылы 37 іс-шара ұйымдастырылған. Мақсат – екі ел арасындағы мәдени және іскерлік тәжірибе алмасу әрі халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайту, турист ағынын көбейту болды.

Нұртас Кәріпбаев, Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы:

Іс-шаралардың барлығы Қытайдың жетекші туристік компанияларымен іскерлік байланыстарды нығайтуға арналды. Осылайша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде брондалған сапарлар саны бойынша Қазақстан қытайлық туристер арасында танымал елдер тізімінде 40-орыннан 29-орынға көтерілді.

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу