Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған шетелдіктерге көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған шетелдіктерге көмектесті

Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған шетелдіктерге көмектесті

Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған шетелдіктерге көмектесті. Шағын автобус «Самара-Шымкент» тасжолында, облыс орталығына жақын жерде сынып, жолаушылар түн ішінде далада қалған. 

Ол жерге Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен 20-982 әскери бөлімінің қызметкерлері дереу жетті. 17 адам жылыту бекетіне орналастырылды. Олардың он төрті Өзбекстан, біреуі Ресей азаматы. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді. Ал автокөлік жақын жердегі елді мекенге жеткізілді.

Жақсыбек Кемал

Автор
Редакция
Бөлісу