Алматыда Абай мұрасына шетелдіктердің қызығушылығы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда Абай мұрасына шетелдіктердің қызығушылығы артып келеді

Алматыда Абай мұрасына шетелдіктердің қызығушылығы артып келеді

Абай мұрасына шетелдіктердің қызығушылығы артып келеді. Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға жиналғандардың тең жартысы өзге елдің өкілдері. Кітапханашылардың айтуынша, Үндістан, Түркия, Франция азаматтары ұлы ақынның аудармаларын іздеп жүріп оқиды. Ғұламаның жазған өлеңдері мен қара сөздері бір ұлтқа ғана емес, жалпы адамзатқа азық, дейді мамандар. Айта кетейік,10-нан аса әлем елдерінде ойшылдың арнайы ескерткіші бар. Атап айтқанда, Мәскеуде, Венгрия орталығы Будапештте және Францияның Ренн қаласында бой көтерген. Сондай-ақ Иран астанасы Тегеранда да тұлғаның мүсіні орнатылған.

Никел Варма, оқырман:

Мен кітап оқуға уақыт бөлгенді ұнатамын. Жақында осы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстым. Қазір оның «Хикмет кітабын» ағылшынша оқып бастадым. Маған ұнап жатыр.

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу